ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТАНЫСЫН ҰРЫП ӨЛТІРГЕН ЕР АДАМ 8 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 24 жастағы сотталушы Н.Сқақовқа қатысты қылмыстық ісін қарап, айыптау үкімін жариялады.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінен хабарлағандай, сотталушы Н.Сқақов 2016 жылдың 8 наурыз күні кешкі мезгілде танысымен 2 шөлмек арақты бөліп ішіп алғаннан кейін, оны дарбазадан шығарып салып, өзі ұйықтау үшін үйіне кіріп, есігін ішінен іліп жата бергенде, жәбірленуші К.Избасаров терезесін қағып сотталушыдан арақ алып беруді өтініп, кетпеген. Сотталушы Н.Сқақов киініп, сыртқа шығып, алкогольді масаю күйінде жәбірленушінің бет тұсынан 2 рет ұрып, құлатып, өміріне қауіпті жері - басынан бірнеше рет теуіп, бас-сүйек жарақаттарын салып, адамды өлтірген.
28 маусым 2016 жылғы сот үкімімен сотталушы Қазақстан Республикасының 99-бабының 1-бөлігімен (адам өлтіру) кінәлі деп танылып 8 (сегіз) жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.