ЖАСАҒАН ҚЫЛМЫСЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚТАН ҚҰТЫЛМАЙДЫ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 3 тармағымен (кінәлі адамға дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі адамды өлтіру), 188-бабының 1-бөлігімен (бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) айыпталған 37 жастағы сотталушы Б.Куздыбаевқа қатысты қылмыстық ісін қарап, айыптау үкімін жариялады.
Сотталушы Б.Куздыбаев 2015 жылдың 20 қазанынан бастап 1 топтағы мүгедек жәбірленушіге қарасып, онымен бірге жәбірленушінің пәтерінде тұрған. Қараша айының 11 күні сотталушы алкогольді масаң күйінде келгенін жәбірленуші жақтырмай оған ұрысып, онымен сөзге келген. Осыдан кейін, сотталушы Б.Куздыбаев жәбірленушімен араларында болған ұрысты желеу етіп, диванда жатқан жәбірленушінің дәрменсіз екенін, яғни сол жақ денесінің толық жансыздығынан өзін қорғай алмайтынын, оған қарсылық көрсете алмайтынын біліп, асхана пышағымен өміріне қауіпті органдарына 7 рет пышақ салып, өлтірген. Содан кейін, сотталушы алкогольді масаю күйінде өзінің қылмысын одан әрі жалғастырып, бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында жәбірленушіге тиесілі құны 73887 теңге тұратын «Sonу» телевизоры мен 11877 теңге тұратын «Nokia» маркалы ұялы телефонын жасырын жымқырып, өзінің қалауы бойынша иеленген.
27 маусым 2016 жылғы Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы Б.Куздыбаев Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 3 тармағымен, 188-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, түпкілікті 16 (он алты) жыл 6 (алты) айға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуге деп белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қызылорда облысының қылмыстық
істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сотының баспасөз қызметі