ҚҰТҚАРУШЫЛАР ДҮКЕНГЕ КІРІП КЕТКЕН ЖЫЛАНДЫ БОСАТЫП ЖІБЕРДІ
ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің кезекшісіне қаланың жеке дүкенінен жылан шыққаны жөнінде хабар түседі. Бұл туралы «ОӨАЖҚЖ» ММ мамандары хабарлады.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жыланды ұстап алады. Анықтау барысында оның ұзындығы жарты метрдей және ол улы емес екені анықталған. Жәндіктің бұл түрі шөлейттік жерлерде мекендейді және дүкенге қалай кіріп кеткендігі де белгісіз. Ұстап алған жыланды құтқарушылар қаланың сыртына босатып жіберді. Мұндай жағдайлар көп кездесіп жатады. Алайда осыған ұқсас оқиғалар бесінші рет қайталанып отыр.
«Төтенше жағдай орын алған кезде тұрғындардың назарына бірыңғай құтқару қызметі 112 нөміріне хабарласу керек», - делінген «ОӨАЖҚЖ» ММ хабарламасында.
Шынар БЕКБАН