БАЛАБАҚША МЕҢГЕРУШІСІ МЕМЛЕКЕТ ҚАРЖЫСЫН ИЕМДЕНГЕН
Қармақшы аудандық прокуратурасы Алдашбай ахун ауылдық округіндегі №10 балабақшада мемлекеттік қаржының мақсатты жұмсалуына және қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуына тексеру жүргізді.
Нәтижесінде балабақша меңгерушісі Г.Қартбаеваның қызмет бабын пайдаланып, өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп, сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық құқықбұзушылық жасағанын анықтады. Нақтыласақ, меңгеруші кәсіпкерлермен балабақшаға шаруашылық және кеңсе заттарын алу туралы келісімшар жасасып, кәсіпкерлердің есепшотына ақша аударған. Ал сатып алынған шаруашылық және кеңсе заттарын өзі иемденіп, мемлекетке жалпы 873 285 теңге шығын келтірген.
Аталған дерек қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) Қармақшы аудандық прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Аудандық соттың үкімімен Г.Қартбаева кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, мүлкін тәркілеп, бес жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.
Ботакөз СЕЙІЛ,
Қызылорда облысы прокуратурасының баспасөз қызметі