СУЫҚ ҚАРУДЫ ЗАҢСЫЗ АЛЫП ЖҮРГЕН
Арал аудандық сотында ҚР ҚК-нің 251 бабының 4 бөлігімен айыпталған азаматтың қылмыстық ісі қаралды.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, сотталушы азамат соққы жасауға арналған, қара-сұр түсті металдан қолға ұстауға ыңғайлы етіп жасалған суық қаруға жататын кастетті өзімен заңсыз алып жүрген.
Сотта сотталушының кінәсі дәлелденіп, 180 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енбеген.
Шынар БЕКБАН