ҚЫЗЫЛОРДА ТЖ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ ПАРА АЛҒАНЫ ҮШІН ҰСТАЛДЫ
Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті бірнеше рет пара алған Қызылорда төтенше жағдайлар басқармасының міндетін атқарушы, өртке қарсы қызмет капитаны А.Нұрлыбаевты ұстады, - деп жазады «Қазақпарат».
А.Нұрлыбаев балалар мекемесінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы оң акті беруге жәрдемдескені үшін қаланың балабақша меңгерушісінен 50000 теңге пара алғаны анықталды.
Қазіргі уақытта А.Нұрлыбаев өз кінәсін толықтай мойындады. Сот алды тергеу жүргізілуде, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.