КҮЙЕУІН ӨЛТІРІП, БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 25 жастағы әйел, сотталушы А.Сәдуге қатысты қылмыстық ісін қарап, айыптау үкімін жариялады.
Сотталушы А.Сәду 2016 жылдың 26 наурыз күні кешкі сағат 20.00 шамасында күйеуімен бірге үй ауласында пісте шағып отырады. Қолындағы пістені жерге шашып алған сотталушы оны «жинап ал» деген күйеуінің сөзіне қарамай үйге кіріп кетеді. Асхана бөлмесіне артынан келген зайыбы оған қайтадан пістелерді жинап алуды сұрайды. Алайда, сотталушы сол жерге күйеуімен ұрысып, бір-бірімен сөзге келіп қалады. Ұрыс үстінде сотталушы А.Сәду күйеуінің кеуде тұсына пышақ тығып алады. Алған жарақаттан жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болған.
Сот үкімімен сотталушы Қазақстан Республикасының 99-бабының 1-бөлігімен (адам өлтіру) кінәлі деп танылып 10 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеуге деп белгіленді.
Айта кететін жайт, сотталушының кәмелетке толмаған 2 баласы бар.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қызылорда облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сотының баспасөз қызметі