БАЛЫҚ АУЛАУ ҚАҒИДАЛАРЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
Шиелі аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 383-бабының 3-бөлігімен С-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды.
Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері құқық бұзушы С. балық аулауға тыйым салынған мерзімде, «Нәнсай» өзегінде балық аулауға тыйым салынған құрма аумен балық аулап жатқан жерінен ұстаған.
Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін мойындап, құрма ауын құрып, балық ауламақшы болғанын, бұл уақытта балық аулауға тыйым салынғанын білмегенін айтып көрсетті.
ӘКҚтК-нің 819-бабының 2-бөлігінде жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар анықталған жағдайда судья, орган (лауазымды адам) өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс қозғалған жеке тұлғаға салынатын әкімшілік айыппұл сомасын қысқартуға, бірақ айыппұлдың жалпы сомасының отыз пайызынан аспайтындай етіп қысқартуға құқылы - деп көрсетілген.
Сот қаулысымен балық аулау және балық ресурстарын қорғау қағидасын бұзғаны үшін құқықбұзушы С. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігімен кінәлі танылып, оған қатысты заңнама талаптарына сай салынатын 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 42420 теңге айыппұл сомасы, 30 пайызға қықсартылып 29694 теңге айыппұл салынды, ау құралы мемлекет пайдасына тәркіленді.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі