КҮЙЕУІН ҚЫЗҒАНЫП ҚЫЛМЫС ЖАСАДЫ
Байқоңыр қаласының тұрғыны күйеуін қызғанып, қылмыскер атанды. Қызылорда облыстық баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР ҚК 103 бабының 1 бөлігінде көзделген қылмысты жасаған сотталушы азаматшаға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотталушы күйеуін қызғанамын деп, жәбірленушінің ішіне пышақ сұғып алған. Байқоңыр қалалық сотының үкімімен сотталушы үш жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған. Сонымен қатар, сот жәбірленушіге моральдық зиян үш жүз мың теңге өндіруге үкім етті. Дегенмен сот үкімімен келіспеген жәбірленуші аппеляциялық шағым берді. Бірақ, бес жыл бас бостандығынан шектеу жазасы мен бир миллион теңге моральдық зиян өндіруді сұраған шағымы қанағаттандырылмады.
Шынар БЕКБАН