«ЖАРЫЛҒЫШ ЗАТ» ҚОЙЫЛДЫ ДЕП ЖАЛҒАН СӨЙЛЕГЕН
Кеше сағат 17.40 шамасында Қызылорда ҚІІБ-нің жедел басқару орталығына белгісіз азаматтан автовокзал ғимаратына «жарылғыш зат» қойылғаны туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына полиция қызметі мен арнайы қызмет түрлерінің күш-құралдары жұмылдырылып, ғимараттан барлығы 75 адам қауіпсіз аймаққа шығарылып, ғимарат аумағы қоршауға алынды. Жүргізілген толық тексеру жұмыстары барысында ешқандай жарылғыш зат немесе күдік тудырарлық құралдар анықталған жоқ.
Жедел іздестіру шаралары барысында бәрін әбігерге салған 1982 жылы туылған азамат екені анықталды. Ол қалалық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Кінәсі дәлелденген жағдайда оған дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесіледі.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі