16000 ТЕҢГЕ ҮШІН ҮШ ЖЫЛ БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙРЫЛДЫ
Қызылордада жалғыз келе жатқан азаматты ұрып-соғып, заттарын тонап кеткен қылмыскерлер ұсталды. Алдын ала жоспарланған қылмыстық іс-әрекеттерін сотталушы тарап мойындады.
Қалалық №2 сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жәбірленуші алған соққыдан есінен танып жатқанда, кінәлі азамат ұялы телефоны мен құжаттары мен ақшасы салынған әмиянын және күртесін қолды қылған.
Жәбірленушіге 16000 теңге мүліктік шығын келтірген сотталушы ҚР ҚК-нің 178 бабының 2 бөлігінің «а,в» тармақтарында көзделген қылмысты жасаған.
Сот талқылауында сотталушы өзіне тағылған айыпты толығымен мойындаған.
Қызылорда қаласы № 2 сотының үкімімен кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеусіз 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енбеген.
Шынар БЕКБАН