ҚОҒАМДЫҚ ПІКІР ТУҒЫЗҒАН ІС БОЙЫНША СОҢҒЫ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
24 қыркүйек 2014 жылы Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған, бұрыңғы полиция қызметкері – бөлім басшысы өзінің қарамағындағы адамды – полиция қызметкерін өлтірген қылмыстық іс бойынша соңғы нүктесін қойды.
4 (төрт) адамға қатысты 26 том құраған қылмыстық істегі тағылған айыптар мынадай болған: адам өлтіру; алаяқтық; қаруды заңсыз алып жүру; бөтен адамның мүлкін қасақана бүлдіру; құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді ұрлау; қызметтегі әрекетсіздік; қылмыс туралы хабарламау.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 24-қыркүйек 2014 жылғы үкімімен сотталған Шиманов Берикбол Токтарбаевич ҚР ҚК-нің 177-бабының 3-бөлігінің «г» тармағы (мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам жасаған алаяқтық), 251-бабының 1-бөлігімен (атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, біреуге беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру), 96-бабының 2-бөлігінің «б,ж,» тармақтарымен (адамдар тобымен, алдын ала сөз байласу арқылы кісі өлтіру), 187-бабының 2-бөлігінің «а,в» тармақтарымен (өрт қою арқылы бөтен адамның мүлкін қасақана бүлдіру), 112-бабымен (қорқыту) кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, түпкілікті 24 (жиырма төрт) жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді.
Сотталған Әлиев Талғат Омарұлы ҚР ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінің «б,ж» тармақтарымен кінәлі деп танылып, 18 (он сегіз) жылға бас бостандығынан айырылды, жазасы қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді.
Сотталған Сыздыков Уалихан Асылханұлы ҚР ҚК-нің 364-бабымен (қылмыс туралы хабарламау) кінәлі деп танылып, 1 (жылға) бас бостандығы шектелді, қолданылған «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасының күші жойылып, дереу сот залынан босатылды.
Сотталған Орынбасар Алданбек Амангелдіұлы ҚР ҚК-нің 364-бабымен (қылмыс туралы хабарламау) кінәлі деп танылып, 1 (жылға) бас бостандығы шектелді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қаракөз САРСЕНБАЕВА,
Қызылорда облысының
қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі