ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖАСАҒАН ТҰЛҒАЛАР ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Қармақшы аудандық прокуратурасы аудандық білім бөліміне заңдылықтың сақталуына тексеру жүргізді. Нәтижесінде, аталған мекеменің жанындағы орталықтандырылған есеп бөлімінің есепшілері А.Боранбаева, Г.Кшенова, Г.Сарымсақовалар қызмет бабын пайдаланып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша, өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп жымқырып, мемлекетке ірі мөлшерде залал келтіргені анықталды.
Нақтыласақ, аудандық білім бөліміне қарасты мектептерде мүлдем жұмыс істемейтін адамдарды жұмыс істейтін адам ретінде көрсетіп, оларға айлық ретінде ақша аударып, өздерінің іс-әрекеттерімен мемлекетке жалпы 8 373 826 теңге шығын келтірген. Аталған дерек қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен аудандық прокуратураның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Аудандық соттың 05.04.2016 жылғы үкімімен А.Боранбаева, Г.Кшенова, Г.Сарымсакова кінәлі деп танылып, 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ҚК-нің 63 бабының 1 бөлігін қолданып, оған тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасын шартты деп санап, 5 жыл сынақ мерзімі белгіленді.
Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі