ҚЫЗЫЛОРДАДА ОНДАҒАН ТҰРҒЫН ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫНА АЛДАНЫП ҚАЛДЫ
Қызылорда облысында қаржы пирамидасының кесірінен миллиондарынан айырылған тұрғындар көмек сұрап, құқық қорғау органдарына жүгінді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Отыздан аса адам «Финстатус» ЖШС-ның кредитті төлеуге көмектесеміз деген уәдесіне алданып, 13000000 теңгені сеніп тапсырған. Алаяқтардың арбауына түсіп, сан соғып қалғандардың қатары мұнымен шектеліп қалмайтын түрі бар», - дейді облыстық прокуратура екінші басқармасының басшысы Ерлан Қожанов.
Алаяқтық фактілерінің дені Қызылорда қаласында тіркеліп отыр. Сол себепті полиция да бұл өңірдегі жұмысын күшейткен.
«Алаяқтыққа азаматтардың заңды белден басып, проблемасын өзіне тиімді жолмен шешуге бейімдігі себеп. Сондықтан алаяқтар да көбіне-көп банктердің маңын торуылдайды», - дейді облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Ботагөз Сейіл.
Прокуратура ұсынған статистикаға сүйенсек, алғашқы 4 айда Қызылорда облысында несие алумен байланысты тіркелген алаяқтық фактілерінің саны алаяқтықтың барлық түрінің 17,3 пайызына тең болған.
70-тен аса тұрғын бәзбіреулердің «арзан әрі тиімді несие береміз» деген уәдесіне сеніп, сан соғып қалғанын айтып шағымданды.