ЕСІРТКІ ТАСЫМАЛДАЙМЫН ДЕП АБАҚТЫҒА ҚАМАЛДЫ
Облысының қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен қызылордалық тұрғын кептірілген марихуана тасымалдағаны үшін кінәлі деп танылды.
Сотталушы азамат өте ірі көлемдегі есірткі затын алдын ала келіскен адамына сату арқылы пайдаға кенелем деп Ақтөбе қаласы бағытына жолға шыққан.
Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ бөлім бастығына жедел ақпар келіп түскеннен кейін жедел іздестіру шаралары жүргізіліп, сотталушының басқаруындағы автокөлікті тоқтатпақ болады. Бірақ өзінің қылмысы әшкереленіп қалатынын түсінген күдікті тоқтамай, қаша жөнелген. 15 шақырымдай жер жүргеннен кейін автокөлігінің жөңгелектерінің желі шығып тоқтауға мәжбүр болған.
Автокөлікке жүргізілген тексеру барысында әрқайсысының ішінде 5 ақ түсті пакеттерге дөңгелектеліп оралған, 2 қызыл түсті сөмкелерге салынған, 10-дана орамдағы өте ірі мөлшердегі кептірілген марихуана есірткі заттары табылып айғақты заттар ретінде алынған.
Сотталушы азамат ҚР ҚК-нің 259-бабының 3-бөлігінің «в» тармағымен, 24-бабының 3-бөлігі, 325-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, ҚР ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігінің талабына сай, түпкілікті мүлкі тәркіленіп, қатаң режимдегі түзеу колониясында 10 (он) жылға бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалды.
Шынар БЕКБАН