Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Г.Қ.Ахметова
№264 мектеп-лицейінің математика пәні
мұғаліміҰзақ мерзімді жоспардың тарауы :5.3B | Сынып: 5 | |||||
Сабақтың тақырыбы: | Ондық бөлшектерді қосу және азайту. | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 5.1.2.27 ондық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау; | |||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: Оқушылар ондық бөлшектерді қосу және азайту ережесін біледі; Басым бөлігі: Оқушылар ондық бөлшектерді қосу және азайту ережесін пайдаланып есептер шығара алады; Кейбір оқушылар: Мәтін есептер шығара алады;. | |||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар: Ондық бөлшектерді қосуды біледі; Ондық бөлшектерді азайтуды біледі; | |||||
Тілдік мақсаттар | Санау жүйесі, тұрмыста қолдана алу; | |||||
Құндылықтарға баулу | Оқушылар ынтымақтастық ортада жұмыс жасайды. Бір бірімен қатынасқа түсе отырып, басқалардың пікірлерін тыңдауға, өз пікірін ашық айтуға дағдыланады. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Информатика, жаратылыстану | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақта | |||||
Тақырып бойынша алдыңғы білім | Ондық бөлшектерді қосу және азайту; | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. А,В,С,Д әріптері жазылған кағаздар арқылы оқушылар 4 топқа бөлінеді. Үй тапсырмасын сәйкестендіру тәсілімен тексеру: № 1288 есеп. 1) (45,3-8,07) + (32,09-24,3) = 54,47 2) (72-24,45) + (43-36,08) = 45,02
3) (65-49,65) +(28,64-19,916) = 69,33 4) (156-95,06) + (17,3-8,91) = 24,074 Барлық оқушы жасыл, сары, қызыл тустермен бағаланады. | Түрлі түсті қағаздар | ||||
«Қазынаға саяхат» Ертеде жай бөлшек айлағында тұратын бір Мұрагер деген баласына мұра қалдырғанын және оны тауып алу үшін карта керек екенін, ол картаның үйдің шатырында жатқанын өсиет етіп кеткен екен. Енді біз сол картаны тауып беру үшін мына сұрақтарға жауап беруіміз керек. Ол үшін « Сұрақты қағып алу» әдісін пайдаланамыз. Сұрақтар жазылған карточкалары бар дорбаны оқушылар бір-біріне лақтырып кағып алған оқушы сұраққа жауап беруі керек.Сұрақтар: Ондық таңбалар дегеніміз не? Ондық бөлшек дегеніміз не? Ондық бөлшекті қалай қосады ? Ондық боллшек ті қалай азайтады? Ондық бөлшектің соңына нолді тіркеп жазғаннан немесе нолді алып тастағаннан ондық бөлшек өзгере ме? Ондық бөлшек қандай бөліктерден тұрады? Ондық бөлшектерді салыстыру әдістерін ата? Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе қалай салыстырады? Сонымен баласы картаны тауып алып, кемемен көрсетілген бағыт бойынша,яғни «Дұрыс бөлшек» айлағына қарай саяхатқа шығады. «Дұрыс бөлшек» айлағына жеткенде алдынан бүркіт күтіп алады.Қолындағы хатты тапсырады.Хатта берілген тапсырманы орындауға көмектессек, одан әрі қайда жүру керек екенін білетін боламыз. Сиқырлы тізбек тапсырмасы:
Белгісіз санды тапкан әр оқушы смайликпен бағаланып отырады. Келесі айлақ «Бұрыс бөлшек » айлағы екен. Мұрагер кемемен жүзе отырып «Бұрыс бөлшек » айлағына келеді.Алдынан бір үлкен кісі күтіп алады. Келетінінді білгем, маған гүл отырғызуға көмектессен ары қарайғы жолды айтамын дейді. Олай болса гүл отырғызуға бәріміз бірге көмектесейік.
7,48+5,07=12,55 95,83-76,9=18,93 38,75-16,87=21,88 0,561+1,44=2,001 8,59+4,72=13,31 0,653+1,019=1,672 146,73-124,45=22,28 Әр топқа жасыл, сары 7смайликтен беріліп бағаланады. Ата рахмет айтып келесі айлақ «Аралас сан » айлағына бару керектігін айтады. Мұрагер кемемен жолға шығады.Ұзақ жүріп Аралас сан айлағына жетеді.Бұл бір ғажайып айлақ екен . Жағадан бір балық шығып тіл бітіп былай дейді: «Келесі айлақ Сіздер іздеген Ондық бөлшек айлағы . Бұл айлаққа жету үшін оңтүстікке қарай канша км жүзу керектігін білу үшін мына есепті шығару керек » дейді. Жәшікке алма салынған.Ондағы алманың массасы 9,75кг. Жәшіктің массасы алманың массасынан7,5 кг жеңіл. Алма жәшігімен неше килограмм? (9,75-7,5)+9,75=12 Жауабы: 12кг Тақтаға шыққан оқушы жасыл смайликпен және қатар шығарған 4-5оқушы сары смайликпен бағаланады. Сонымен кемемен 12км кашықтық жүзе отырып , Ондық бөлшек жаалауына жетеді. Біздің мақсатымыз осы Ондық бөлшек жағалауын тауып қазынаға қол жеткізуге көмектесу еді. Жағалауда улкен тас тур екен. Сол таста былай жазылған осы тасты қозғасаң үңгірден қазынасы бар сандықты табасын. Баласы сандықты алса жабық екен. Сандықтың қақпағында «Сіздердің білімдерің- ол …» деген сөз жазылған. Көп жылдар бойы сақталған жазудың жартысы кетіп қалған сол табуға көмектерің керек. Ол үшін тест орындаймыз.
Элективті тест Есептеңдер:
А) 0,6 В)0,8 С)0,9 2. 12,4+9,35= А) 21,75 В)22,75 С)21,65 3. 9,35-7,23= А) 2,13 В)1,12 С)2,12
А) 26,5 В)25.5 С)27,5 5. 0,75+0,25= А) 0,100 В)1 С)1,1 Жауаптары: 1. В 2. А 3. С 4. А 5. В Барлық оқушы жасыл, сары, қызыл түстермен бағаланады. Дискриптор: Білім алушы: -Ондық бөлшектерді қосады; -Ондық бөлшектерді азайтады; Тестке дұрыс жауап бергендіктен,баласы әкесінің мұра етіп қалдырған қазынасына қол жеткізіп, бейбіт өмір сүріпті. Сіздер бүгінгі сабақ арқылы «Сіздердің білімдеріңіз- ол қазына» екеніне көз жеткіздіңіздер. Әрқашан ең бастысы- байлық іздемей, білім қазынасын іздеңіздер. Сонда көптеген нәрсеге қол жеткізесіздер дегім келеді. | Дорба қалта және үлестірме карточкалар. слайдтар Үлестірме слайд Интерактивті тақта | |||||
Сабақтың соңы (2 мин) Бағалау (1 мин) | Бағалау Үйге тапсырма: № 1299 Білім ағашы кері байланыс. Әр тапсырманы орындаған топты мұғалім бағдаршам түсіне сәйкес бағалап отырады.Оқушылар бағалау парағын толтырып отырады. толық орындаған толық емес орындаған жартылай орындаған | Стикер Стикерлер түрлі түстү | ||||
Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Оқушылар тақырыптың толық меңгергенін білу үшін тақырыпқа сәйкес стратегиялар таңдап алдым. Сәйкестендіру тәсілі,топтық,жеке ,тесттік жұмыстар енгіздім. | Жеке оқушы өзін бағалау парағымен бағаланады. Жасыл, сары ,қызыл смайликтер арқылы бағаланып отырады. | Қимыл жаттығуын жасату, себебі топқа бөлініп отырған кезде оқушының бел омыртқасына зиян келмеуі үшін қимылдар жасату | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||
Сабақ жоспарлағанымдай болып өтті | ||||||
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: Әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың барлығы тапсырмамен қамтылуы 2: Қабілеті жоғары оқушыны анықтау. Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:Жаңа технологияларды пайдалансам бұдан да жақсы өтер ме еді? Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет? | ||||||