БАЛА ТӘРБИЕСІ – ОРТАҚ МӘСЕЛЕ
Мектеп пен бала, ата-ата байланысы қай уақытта да маңызды мәселелердің қатарына жатады. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші, бала тәрбиесінен ата-ана сырт қалса, көптеген кемшіліктер орын алары сөзсіз.
Тәрбиенің негізі отбасыдан бастау алатынын ескерсек, осы мәселені теориялық, практикалық тұрғыда ата-ана санасына сіңіру мақсатында көптеген семинарлар өткізілуде.
Сондай семинардың бірі бүгін №10 «Білім-инновация» лицей-интернатында өтті. Семинарды Алматы қаласынан арнайы шақыртумен келген «Отбасы. kz» орталығының директоры, белгілі психолог-тренер Ержан Мырзабаев жүргізді.
Е.Мырзабаев психолог ретінде түрлі бағдарламаларға қатысып жүрген маман. Қыз-келіншектерге арналған «Әйел бақыты» бағдарламасы тұрақты психолог-сарапшысы.
«Екі жақты пайдалы серіктестік: мектеп-ата-ана» тақырыбында өткен семинарға №9,10 «Білім-инновация» лицей-интернаттарының ата-аналары қатысты. Баланы өзіне сенімді тұлға ретінде тәрбиелеудің 11 жеңіл жолын ұғынықты, қызықты түсіндіре білгені ата-аналарға ұнады. Қатысушы ата-аналармен сұрақ-жауап алмаса отырып, бала тәрбиесінде жіберетін кемшіліктер мен олқылықтардың орнын қалай толтыру керектігіне тоқталды.
Семинардың өтілу барысы ата-аналар тарапынан қызығушылық тудырып, алдағы уақыттарда да семинар өткізілсе екен деген ұсыныстарын айтты.
№10 лицей-интернат директоры А.Дүйсенбаев психолог-тренерге Алғыс хат табыстады.