ЛИЦЕЙ ОҚУШЫЛАРЫ ЕЛБАСЫНЫҢ МАҚАЛАСЫН ТҮГЕЛДЕЙ ОҚЫП ШЫҚТЫ
№10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатында күнделікті 2-сабақтан кейін 20 минут кітап оқу сағаты ұйымдастырылады.
Бүгін кітап оқу сағатында барлық сыныпта Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы оқылды. Мұғалімдер ең алдымен өздері оқып шығып, мақала желісі бойынша презентациялық слайд дайындады. Ондағы мақсат – «XXI ғасырдағы ұлттық сана» тарауындағы сананы жаңғыртудың бірнеше бағытын(6 тақырыпша), таяудағы міндеттерді нақтылап көрсету болды.
«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандағы заманауи Қазақстандық мәдениет», «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобалары мен «Туған жер» бағдарламасы туралы айтылатын тұстары оқушылардың ерекше қызығушылығын туғызды.
Алдағы уақытта мақала желісі бойынша дөңгелек үстел, пікірталас өткізіледі деп жоспарланды.