СЫР ҰЛАНДАРЫ СӨЗ ӨНЕРІНЕН САЙЫСҚА ТҮСТІ
Облыстық «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен облыстық "Бала би" шешендік өнер сайысы өтті, - деп хабарлайды ұйымның атқарушы хатшысы Гүлайым Ақмырзаева.
Мақсаты – қазақ халқының сөз өнері арқылы ұлттық тәрбие беру, мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәнін түсіндіру, тапқыр сөйлеуге үйрету.
Сайыс ереже бойынша «Қоржын», «Ұлылар сөзі», «Жыраулар жырлайды», «Таразы» тәрізді 4 айналымнан тұрды. Оған аудандар мен Қызылорда қаласының жас ұландары қатысты. Нәтижесінде І орынға Арал ұландары лайық деп танылды. Шиелі ауданына келген жас шешендер - ІІ, қаладағы №10 түрік лицей -ІІІ орынды иеленді. Шараға жоғары белсенділікпен қатысқан Сыр ұландары "Зерек ұрпақ, Сыр сүлейлері" номинациялары мен "Бала би" атағын жеңіп алды.
Фариза ОМАРОВА