АРАЛ АУДАНЫНДА ЖЫРШЫ-ТЕРМЕШІЛЕР КЕШІ ӨТТІ
Арал ауданында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Телегей жыры теңіздің» атты жыршы-термешілер кеші өтті. Кеште халық өнері мен тарихынан сыр шертетін қисса-дастандарды, жыр, толғау, термелерді төгілте жырлаған аралдық жыраулар тыңдаған жұрттың жігерін жандырып, рухын бір көтеріп тастады.
Айтулы жыр кешіне Арал өңірінің жыраулық өнерін насихаттап жүрген Серікқали Жұбаниязов, Айбек Тәңірбергенов, Салтанат Қожахметова, Ерсейіт Әлиев сынды өзге де жыр дарабоздары мен Қазалы өңірінен арнайы келген белгілі жыршы Марат Сүгірбаев қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Осылайша, сүлейлер салған сара жолды жалғап, киелі өнерге бас иген жыршы-термешілер жыр жалауын желбіретіп, мақам сазын мөлдіретіп, халықтың ыстық ықыласына бөленіп қайтты.