СЫР ӨҢІРІНДЕ ЖАСТАР ТЕАТРЫ АШЫЛДЫ
Сыр елінде жастар театрының шымылдығы түрілді, деп хабарлады «24 кз».
Мамандықтары әртістіктен алшақ болса да, драматургияның тереңіне бойлауға ынталы топқа қалалық мәдениет бөлімі қолдау білдірген. Сырбойылық рухани өресі биік өрендер алғашқы қойылымда «Алғашқы махаббат» пьессасын сахналады. Жастар театрының тырнақалды қойылымын тамашалауға өнерсүйер көрермен көп жиылды. Қойылымда қазіргі қоғам келеңсіздіктері сатиралық жанрда бейнелі жеткізілді. Арман қуған жастардың басым көпшілігінің алдынан көлденең тартылатын кедергілер жайлы сипатталады. Пьесса желісі бойынша мектеп оқушысының алғашқы және баянсыз махаббаты суреттеледі. Жас әуесқой сахнагерлер образдарды шебер сомдап, махаббат машақаты мәселесін тереңнен қозғай білді. Театр алдағы уақытта мазмұнды қойылымдар қатарын көбейтпек.
Оңталап Нұрмаханов, жастар театрының режиссері:
- Театрдың алдағы жоспары көп. Олжас Сүлейменов шығармашылығынан тың дүниелер алып көрсеткіміз келеді, Біржан салдың өмір жолы туралы қойылым қойғымыз келеді.