ҚЫЗЫЛОРДА ХАЛҚЫ БАТЫРХАННЫҢ ТУҒАН КҮНІНЕ ОРАЙ КЕШ ӨТКІЗДІ
Мамырдың 18-і күні Қызылорда қаласының тұрғындары Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шүкеновтың туған күніне орай кеш ұйымдастырды. Сахнада әншінің жүрекжарды өлеңдері шырқалды, деп хабарлады Stan.kz тілшісі.
Қазақстан мен Ресей эстрадасының жарық жұлдызына айналған Шүкенов көзі тірі болса, биыл 54 жасқа толар еді. Жерлестері оның есімі халық жүрегінде мәңгі сақталатынын дәлелдеп, "Ән – жүрек, ән – ғұмыр” атты кеш ұйымдастырды.
Халық пен өнер адамдары "Достық үйінде” бас қосты. Батырды, Батырдың әндерін сағынған олар сезімдеріне ерік берді. Өнерпаздар көпшілік арасында кеңінен танылған "Отан – Ана”, "Джулия”, "Сағым дүние”, "Сенің ізің” сынды әндерін жиналған қауыммен бірге орындады. Кеште Батырханның анасы Диляра Ибрагимоваға сөз беріліп, перзентін сағынған қария барша қазақстандыққа алғыс айтты.
"Батырхан туылған кезде қатты қуанған едік. Арамыздан кеткеніне бір жыл уақыт болды. Халқыма ризамын. Ерекше құрметтеп, баламның естелік видеолары теледидарда көрсетіліп жатыр. Бұл жалғыз менің емес, халықтың қайғысы екеніне көзім жетті”, – дейді марқұм әншінің анасы Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында.
Кеш барысында залға қойылған караоке құрылғысының көмегімен Батырханның өлеңін шырқағандар болды. Осылайша рухани азық алып, сағынышын басқан жандар ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.