«БОЗТОРҒАЙ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНКУРСЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Болашақ жұлдыздарды бала күнінен баулып, кішкентайынан үлкен сахнаға дайындайтын «Бозторғай» байқауы халық арасынан талай таланттарды тауып, жас есімдердің жарыққа шығуына жол ашты. Бұл жолы да байқау вокалдық орындау мен хореографиялық би жанры бойынша өткізілді. Ән аталымы бойынша бәсеке Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өтсе, бишілер тобы облыстық филармонияның залында бақ сынады, деп хабарлады «Қазақстан-Қызылорда» арнасы.
Биылғы байқауға мыңға жуық талапкер қатысуға өтініш білдіріп, 300-ге тарта өрен іріктелініп алынды.Жас ерекшеліктеріне қарай талапкерлер кіші, орта, үлкен топтарға бөлініп сайыс көркін қыздырды.
Көптен күткен байқау қорытындысымен Би аталымы бойынша үлкен топ арасында бас жүлдені байқоңырлық «Фиеста» би тобы еншіледі.
Ал әншілер арасындағы сайыста орта топта топ жарған Қарақат Базарбай гран-при иегері атанды.
Байқаудың бас жүлдесіне ие болған жеңімпаздар мамыр айында Алматы қаласында өтетін халықаралық байқауға қатысады.