МИНИСТР ӨЗ ӘЙЕЛДЕРІНЕ БАСТЫ РОЛЬДІ БЕРЕТІН ТЕАТР БАСШЫЛАРЫН СЫНАДЫ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы театр басшыларының тірлігіне наразы. Бұл туралы "Қазақпарат" хабарлайды.
"Кейбір театр басшылары өз пьесасын сатып алады. Содан кейін ақша табу үшін өзі режиссер болады. Басты рөлде сүйікті жары және өзі де ойнайды", - деді бүгін Үкімет сағатында сөз алған министр.
Министрдің айтуынша, театрлардың басым бөлігінде, яғни 70 пайызында директордың қойылымдары сахналану үстінде. Ал мұндай олқылықтарға жол бермеу қажет.
Арыстанбек Мұхамедиұлы бас режиссердің лауазымын кәсіби білімі жоқ адамдар атқарып жүргені жайлы дерек барын да тілге тиек етті.
Осыған орай, Мәдениет және спорт министрлігі 2 нақты жүйе ұсынып отыр. Әр театрда классикалық тұрғыдан директор болуы керек. Екіншіден, көркемдік жетекші болуы тиіс. Бұл бүкіл дүниежүзінде кездесетін саясат.
Сондай-ақ, бүгінгі жиын барысында өңірлердегі 9 театрға бас режиссердің жетіспейтіні анықталды.