АСТАНАДА ЖАС ОРЫНДАУШЫЛАРДЫҢ «ЖАС ҚАНАТ-2016» БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ
Еліміздің түкпір-түкпіріндегі жас орындаушылар тағы да «Жас қанат-2016» республикалық байқауында бас қосады, деп жазады «24кз» арнасы.
Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды. Биыл 25 жылға толатын фестиваль ерекше ұйымдастырылмақ. Бейбітшілік және келісім сарайында өтетін байқауға санаулы күндер қалды. 16-22 мамырда еліміздің үздік жас орындаушылары өзара бәсекеге түседі. Қазіргі кезде байқауға қатысушылар дайындық үстінде. Іріктеу кезеңі аяқталды. Ең жас қатысушы 15-те, ал ең үлкені 28 жаста. Байқауға Ақтөбе, Орал, Семей, Өскемен, Алматы, Талдықорған, Шымкент, Жезқазған және Қарағанды қалаларының өкілдері қатысады.
Сондай-ақ, үш орындаушы елордамыздың намысын қорғайтын болады. 25 жылдың ішінде түрлі қалалардың өкілдері фестиваль жеңімпазы атанып келді. Өткен жылы бас жүлде «Жас қанат» көкшетаулық Ринат Теміржанға бұйырған болатын. Ең алғашқы «Жас қанат» байқауы қазақстандық танымал әнші, 1992 жылы байқау лауреаты атанған Медеу Арынбаевтың шығармашылығында маңызды рөл атқарды.