МАРАТ СҮГІРБАЕВ – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ
Ақын Әбубәкір Кердерінің туғанына 155 жыл толуына орай Ақтөбеде өткен республикалық жыршы-термешілер байқауының бас жүлдесін қызылордалық жыршы-термеші Марат Сүгірбаев жеңіп алды.
Ол бүгінде Қызылорда облыстық филармониясында еңбек етіп жүр. І орынды ақтөбелік Жасұлан Қасымов пен маңғыстаулық Манас Әділбаев бөлісті. ІІ орынға батысқазақстандық Армат Алдамжаров, ал үшінші орынға астаналық Ақерке Дабылова мен алматылық Дастан Қабылов ие болды.