БАТЫРХАН ШӨКЕНОВ АТЫНДАҒЫ БАЙҚАУДЫҢ БАС ЖҮЛДЕСІН ҚАРАҒАНДЫЛЫҚ ЖАС ИЕЛЕНДІ
Кеше Қызылордада Батырхан Шөкенов атындағы «Отан – Ана» атты әншілер байқауы қорытындыланды, - деп жазады республикалық «Халық» газеті.
Қос турдың қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орын Динара Қайруллинаға (Атырау облысы), Жанерке Қабатаева (ШҚО) мен қызылордалық Дархан Жамантайға бұйырды. Ал ән бәйгесінің ІІ орнын Сұлтан Қайырсақиев (БҚО) пен Ерлан Байбазаров (Қызылорда облысы) бөлісті. Бірінші орынға Дәурен Оразбеков (Астана қаласы) пен Әлібек Шакенов (Қарағанды облысы) лайық танылса, бас жүлде қарағандылық Ербол Тәжібаевқа табысталды.
Барлық талапкер «Алғыс хаттармен» марапатталды. Алдияр Алдасүгіров пен Ербота Ұзақбаев «Аңыз ару», «Сәулем-ай» әндерінің авторы Наджиб Вильдановтың арнайы сыйлығын иемденді. Шөкеновтер отбасының арнайы жүлдесі 19 жастағы әнші Лаура Айтбаеваға тапсырылса, пианинода шебер ойнап, әнді жүрегімен жеткізе білген Нұрболат Базарбаев Қызылорда облыстық мәдениет басқармасының арнайы марапатын меншіктеді.
Кешкілік конкурс қатысушылары мен кеш қонақтарының қатысумен Н.Бекежанов атындағы қазақ драма театрында гала-концерт өтті.