ЕЛБАСЫ ТУРАЛЫ «ЖҰЛДЫЗДАР ТОҒЫСҚАНДА» КӨРКЕМ ФИЛЬМІ ТҮСІРІЛДІ
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Елбасы жолы» киноэпопеясының жалғасы «Жұлдыздар тоғысқанда» кино картинасының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.
«Жұлдыздар тоғысқанда» фильмі 28 сәуірден бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан көрсетіле бастайды. Киноның бюджеті 1 млрд 200 млн теңгені құраған. Әрі жеке демеушілердің де қаражаты тартылған.
Кинотуынды қазақ тарихындағы ең қиын кезең – 1986-1991 жылдары болған оқиғаны қамтиды.
Аталмыш көркем фильм ел тарихындағы елеулі оқиғаларға зер салып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамда атқарған рөлін, әрі Мемлекет басшысының дүниежүзілік ынтымақтастықты арттырудағы айрықша қызметін саралайды.
ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жаңада түсірілген фильм өте мағыналы екенін атап өтті. Әрі ол жас ұрпаққа тәрбие беруде мұндай фильмдердің маңызды екенін баса айтты.
«Фильм өте мағыналы. Осы кино картинаны көре отырып, өз еліңнің тарихына басқаша көзқараспен қарайсың. 25 жыл аз болып көрінсе де, осы уақыт ішінде еліміздің тарихында көп өзгерістер болды. Фильм 1986 жылдан 1991 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Осы уақыт аралығындағы маңызды оқиғаларды кинода көрсетуге тырыстық. Біріншіден, бұл фильм жастар үшін өте маңызды. Олар қысқа уақытта өз елінің тарихиын біле алады», - деді министр.
Ал фильмнің режиссері Сергей Снежкин фильмнің қалай түсірілгенін айтып берді.
«1981 жылдан бері кино түсіріп келемін. Мен жолы болғыш адаммын. Осыдан екі жыл бұрын маған таңғы 6-да Нұрсұлтан Назарбаев жайлы «Жұлдыздар тоғысқанда» кино картинасын түсіруге ұсыныс жасалды. Оған дейін Қазақстанда болған жоқпын. Бұл ел туралы аз білетінмін. Өз тағдырыма ризамын. Себебі, 1,5 жыл осында кино түсіріп, киноматография саласында айтарлықтай жетістікке жеттім», - дейді режиссер.
Фильмде басты рөлді қазақстандық танымал актер Берік Айтжанов, ал басты кейіпкердің анасының рөлін Жанель Мақажанова сомдаған.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін «Елбасы жолы» киноэпопеясының 4 фильмі түсірілген болатын. Олар – «Балалық шағымның аспаны», «От өзен», «Теміртау», «Тығырықтан жол тапқан» картиналары.