"ЖАҢА ТОЛҚЫН-2016" БАЙҚАУЫНДА ҚАЗАҚСТАН НАМЫСЫН "САРЫН" ДУЭТІ ҚОРҒАЙДЫ
"Жаңа толқын-2016" байқауында Қазақстан намысын "Сарын" дуэті қорғайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Байқаудың жартылай финалы 18-19 сәуір күндері Мәскеу қаласында өтті. Қазылар алқасының құрамында "Жаңа толқынның" бас продюсері Александр Ревзин, Ресейдің халық әртісі Игорь Крутой, A-Studio тобының солисі Кэти Топурия болды. Іріктеу кезеңінде қазақстандық топ Back in the U.S.S.R. (The Beatles), "Стоп, ночь" (A-Studio) және өз репертуарындағы "Мәңгілікке" әндерін орындады.
Айта кетейік, жас орындаушылар - Берік Бердекеев пен Алтынай Төлембетовадан тұратын "Сарын" тобы осыдан екі жыл бұрын құрылған. Топтың продюсері - Rin'Go тобының әншісі Данияр Өтеген. Олар 2015 жылы Turkvizyon байқауында бақ сынаған. "Біз бұл байқауға өткен жылы қатысқымыз келген. Дегенмен жас екенімізді ескеріп, биыл қатысуды жоспарладық. 25 мамырға дейін біз байқау режиссерлерімен финал кезінде қандай ән орындайтынымызды анықтауымыз керек. Содан кейін дайындық басталады", - деді Данияр Өтеген.
Айта кетейік, жартылай финалда Қазақстан атынан жас әнші Сангина Шарипова да бақ сынады.