КІТАПХАНА ОҚЫРМАНДАРЫ АҚЫН БЮСТІНІҢ АВТОРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада 18 сәуір – халықаралық мәдени мұраларды, ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай «Ескерткіштер елге мұра, ұрпаққа аманат» атты танымдық сағат өтті, - деп жазады кітапхана сайты.
1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы осынау атаулы күнді бекіткен болатын. Бұл мерекені 1984 жылдан бастап жыл сайын атап өту дәстүрге айналған.
Сыр бойы да – тарихи және мәдени ескерткіштер сырын бүгіп жатқан аймақтардың бірі. Облыстағы 600-ге жуық ескерткіштің 50-ге жуығы республикалық тізімге енген.
Өткен жылы драматург және әдебиет зерттеушісі, ақын Әбділда Тәжібаев есімін ұлықтау мақсатында ақын атындағы облыстық кітапхана алдында бюсті қойылды. Бұл ескерткіш – өскелең ұрпақтың ардақты ақынына деген шексіз құрметі. Ескерткіш авторы, КСРО Суретшілер одағы және Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, жерлесіміз Амангелді Кененбаев шарада бюстің жасалу тарихы туралы әңгімеледі.
Кітапхана оқырмандары өмірде де, өлеңде де тек шындықты дәріптеген Ә.Тәжібаевтың тамылжыған мөлдір лирикасынан оның өр тұлғасы, азаматтығы, отан¬шыл¬дығы менмұндалап тұрған өлеңдерін шабыттана оқыды. Кітапхана қызметкерлері ақынның рухына тағзым етіп, гүл шоғын қойды. Кітапхана оқырмандары бас «Ескерткіштер – ел тарихы» атты кітап көрмесімен танысты.