ӘРІПТЕСІМІЗ «ТІЛ ШЕБЕРІ» БАЙҚАУЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ
Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен жастар арасындағы «Тіл шебері-2016» байқауы өтті. Байқауға Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Тимур Еркебаев қатысып, бақ сынады.
Байқаудың мақсаты - үш тілді – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген мемлекеттік қызметші жастарды анықтап, қолдау. Үштілділікті насихаттау, іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі тілдерді жастардың меңгеру деңгейін анықтау болды. байқауға ұлтына қарамастан 21-30 жас арасындағы жастар қатысты. Байқау үш кезеңнен тұрды: «Мәдениеттаным» кезеңінде – қазақ халқының салт-дәстүрі, ділі мен тілі жөніндегі сұрақтарға қазақ тілінде жауап берілді. «Ұлттаным» кезеңінде – қазақ елі тарихы мен ұлы тұлғалары, еліміздің аймақтары жөніндегі сұрақтарға орыс, ағылшын тілдерінде жауап берді. Қатысушылар «Өнертаным» кезеңінде – 3 түрлі жаңылтпашты жаңылмай, 3 рет айтудан жарысқа түсті. Сонымен бірге сахнада өзін-өзі ұстай білуі мен киім кию мәнері де сынға түсті.
Қатысушылардың өнерін бағалау кезінде әділ қазылар олардың тілдерді меңгеру деңгейін, жауаптың орамдылығы мен сапасын, мазмұндылығы мен ерекшелігін, үш тілде орфоэпиялық тұрғыда таза сөйлеуін, сахналық мәдениетін ескерді.
Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінен қатысқан әріптесіміз Тимур Еркебаев осы сындардан сүрінбей өтіп, облыстық «Тіл шебері-2016» байқауында ІІІ орынды жеңіп алды. Облыстық ішкі саясат басқармасының дипломымен және бағалы сыйлықпен марапатталды.
Әріптесімізді жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобыҚатысушылардың өнерін бағалау кезінде әділ қазылар олардың тілдерді меңгеру деңгейін, жауаптың орамдылығы мен сапасын, мазмұндылығы мен ерекшелігін, үш тілде орфоэпиялық тұрғыда таза сөйлеуін, сахналық мәдениетін ескерді.
Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінен қатысқан әріптесіміз Тимур Еркебаев осы сындардан сүрінбей өтіп, облыстық «Тіл шебері-2016» байқауында ІІІ орынды жеңіп алды. Облыстық ішкі саясат басқармасының дипломымен және бағалы сыйлықпен марапатталды.
Әріптесімізді жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Қызылорда облысы ТЖД