ҚЫЗЫЛОРДАДА КИІЗДЕН БҰЙЫМ ЖАСАУ ДӘСТҮРІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРДЫ
Сырмақ, текемет, тұскиіз. Бүгінде киізден жасалған бұйымдар – сәнде. Қызылордалық үлкен кісілер бұрынғы қолөнерді қайта жаңғыртуға ниетті, - деп хабарлады «Астана» телеарнасының тілшісі Шәрипа Сақтапова.
Осы мақсатта олар жаңадан топ жинауда. Киізбен жұмыс істеу үшін ақыл мен жүрекке қатар жүгіну керек. Киіз төсемін алу үшін қойдың жүні бірнеше мәрте дайындық сатысынан өтеді. Әрбір ою-өрнектің өз мән-мағынасы бар. Мысалы, қошқар – мұйіз байлық пен көркеюдің белгісі. Ол 18-19 ғасырда өте танымал еді. Киіз үй, текемет, сырмақ, тұскиіз сияқты дүниелер қазақтың өмірінде үлкен қолданыста болды. Киіздің емдік қасиетке ие екендігі де ежелден мәлім.
Жарты ғасыр бұрын ғана қыз жасауы киіз кілемдермен толықтырылатын. Ол әрбір қазақ отбасына тән еді. Бүгінде текемет кейбір жекелеген қараша үйлерде ғана кездеседі. Қызылордалық қолөнер шеберлері ұмытыла бастаған ұлттық өнерге қайта жан бітірмекші. Сөйтіп, жас ұрпаққа өз тәжірибелерін үйретпек.