МӘСКЕУДЕ «XX-XXI ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ЛИРИКАЛЫҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ» КЕШІ ӨТТІ
Мәскеуде әдебиетшілердің орталық үйінде РФ-дағы ҚР Елшілігі «XX-XXI ғасырлардағы қазақ лирикалық поэзиясының» музыкалық-поэтикалық кешін ұйымдастырды, деп хабарлайды қазақстандық елшіліктің баспасөз қызметі.
Кешті Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткері Ерлан Біләл жүргізді.
Н.Рейімхан, А.Рахымбаев, Н.Нұрғанат, П.Жарылқасынова және Б.Ахметқалиева сынды қазақ актерлері А.Құнанбаев, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, С.Торайғыров, М.Мақатаев, Х.Ерғалиев, Ж.Нажімеденов, Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев, М.Шаханов және өзге де ақындардың туындыларын оқыды.
Сондай-ақ көрермендер 70-80 жылдардағы «Үш Татьяна» триосының құрамындағы Татьяна Полтавскаяның өнерін тамашалады.
Белгілі қазақ әншісі мен жыршысы, ҚР еңбегі сіңген қайраткер Бекболат Тілеухан сөзін Н.Назарбаев жазған «Елім менің» әнін орындады.