ӨНЕР КЕШІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Қызылордада V республикалық "Туған жер” атты әншілер конкурсы қорытындыланды. Екі күнге созылған байқау қазақтың киелі ән әлемінде өзіндік орны мен қолтаңбасы бар композитор Кеңес Дүйсекеевтің 70 жылдық мерейтойына арналды. Сайыс талабына сәйкес қатысушылар композитор туындысынан және еркін тақырыптағы әндер орындап, өз шеберліктерін барынша көрсете білуі шарт. Ал олардың өнеріне мерейтой иесімен қатар Ақжол Мейірбеков, Жеңіс Сейдоллаұлы, Қарлығаш Әбдікәрімова, Жеңіс Ысқақова сынды кіл мықтылар баға берді. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 24 талапкердің ішінен үздікті анықтау оңайға соқпады. Дегенмен, талантымен қазылар алқасын ғана емес көрермендерді де тәнті еткен астаналық Айдын Жұмабаев бас жүлдені қанжығасына байлады. Өзге қатысушылар жүлделі орындарды өзара бөлісті. Жеңімпаздар қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Мөлдір ҚОЖАХМЕТОВА
Мөлдір ҚОЖАХМЕТОВА