КӨРКЕМСӨЗ ОҚУ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
Қызылордада көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы XVIII облыстық байқауы өтті. Оған 16-22 жас аралығындағы 17 талапкер қатысты.
Талапкерлер байқауда О.Бөкейдің, басқа да ақын-жазушылардың көркем және драмалық шығармаларынан, өлеңдерінен үзінді оқыды. Сарапшылар олардың көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, көркем мәтінді таңдау талғамына, сахнада өзін-өзі ұстауына, сахналық киім сәніне баса назар аударды.
Қорытындысында Жаңақорған ауданы №224 орта мектептің 10-сынып оқушысы Хамида Тілекова І орынды, Қазалы ауданы №249 мектеп лицейінің 10-сынып оқушысы Гүлбаршын Аманкелді ІІ орынды, Қызылорда қаласы №189 орта мектептің 10-сынып оқушысы Берікбол Қызылбай ІІІ орынды иеленді.