ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТУРАЛЫ ФИЛЬМ THE WORLD OF KNOWLEDGE КИНОФЕСТИВАЛІНДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
Танымал кинорежиссер Бақыт Қайырбековтың «Мәңгілік аспан астында» фильмі «Білім әлемі» (The World of Knowledge) Х Ғылыми-көпшілік және ағартушылық фильмдер кинофестивалінің «Үздік сценарий» номинациясын жеңіп алды. Бүгін Астанада осы беделді марапат ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ғ.Ахмедьяровқа тапсырылды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Қазақстандық фильм The World of Knowledge оныншы мерейтойлық кинофестиваліне қатысуға өткен жылы Санкт-Петербург (Ресей) қаласында номинацияланды. Он бөлімнен тұратын «Мәңгілік аспан астында» ғылыми-көпшілік фильмді Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты түсірген болатын. Бақыт Қайырбеков (сценарий авторы және режиссер) және Андрей Хазбулатов (бас продюсер) үздік сценарий үшін үздік марапатты жеңіп алды.
«Бұл жоғары марапат ғылыми-көпшілік кино әлі де көрермендер арасында кең таралғандығын көрсетеді. Бұндай жүлделер мәдениет және ғылымның дамуы мен насихатталуына жаңа белестер аша түседі», - деп есептейді қазылар алқасының төрағасы, продюсер, сценарист, кинооператор, Көңіл көтеретін емес кино және теледидар гильдиясы басқармасының мүшесі Виктор Скубей.
«Қазылар алқасының құрамында кино кәсіби мамандары ғана емес, атақты ғалымдар да бар осындай белді фестивальдің жүлдесін алғанымызға өте қуаныштымын. Қазіргі уақытта әлем Орталық Азия, әсіресе Қазақстанның тарихына үлкен қызығушылық танытуда. Біздің сериалымыз - өзіміз туралы, халқымыздың сана-сезімі туралы объективті баяндап беруге деген талпыныс», деді сценарий авторы және режиссеры Бақыт Қайырбеков.
Еске сала кетсек, «Білім әлемі» Х Ғылыми-көпшілік және ағартушылық фильмдер халықаралық кинофестивалін 2006 жылдың ақпан айында «Леннаучфильм» киностудиясы» АААҚ және «Интеллектуальные ресурсы России» ұлттық комитеті ұйымдастырған болатын. Кинофестиваль бағдарламасына халықаралық байқау, конкурстан тыс көрсетілімдер және арнайы бағдарлама кіреді. Бұл фестивальға әлем 32 мемлекетінің өкілдері қатысып үлгерді.
«Білім әлемі» талай жаңа есімдерді атақты етіп, дүниетаным саласындағы шынайы жаңалықтармен таңқалдырды. Фестиваль - киножобалардың үлкен әлемдік көрсетілімге шығуға мүмкіндік беретін жетекші кинофестивальдердің бірі.
«Мәңгілік аспан астында» фильмі 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында түсірілген болатын. Сценарийдің негізі ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабы алынған. Фильм Қазақ хандығының құрылуына арналған. Әрқайсысы 26 минутқа созылған 10 бөлімнен тұрады. Бөлімдердің әрқайсысы қазақ халқы тарихының белгілі бір кезеңі туралы баяндайды. Сериалдың әр фильмі дербес туынды бола тұра, көшпелі халықтардың дүниетанымы, олардың «мәдениеттер байланысы» ретіндегі ұлы мақсаты және әлемдік өркениеттер, көне кезеңнен бастап бүгінге дейінгі олардың жаңалықтары және бүкіл өркениетті әлемнің жетістігіне айналған табыстары туралы негізгі идеяны насихаттайды. Фильм Қазақстанның әлемдегі тарихи және геосаяси ролін толыққанды ашады.
Еске салып кетсек, деректі фильмнің екі бөлімі былтыр АҚШ-та Джордж Университеті (Вашингтон) және актер, продюсер және режисер Роберт де Нироның TribecaFilm киностудиясында (Нью-Йорк) алғаш рет көрсетілген еді.