«ТОМИРИС» АҚШ-ТАН ОРАЛДЫ
Кеше Түркия және АҚШ мемлекеттерінде болып, қазақ би өнерін әлемге паш еткен облыстық филармонияның «Томирис» би ансамблін Сыр жұртшылығы гүл шоқтарымен қарсы алды.
Айта кетейік, бұл «Томирис» би ансамблінің мұхиттың арғы жағындағы алып мемлекетке алғашқы сапары. 22 наурыз күні қызылордалық би ұжымы ТҮРКСОЙ халықаралық түркі мәдениетін дамыту ұйымының шақыртуымен Түркияда болған еді. Қазақстандық бірнеше өнер ұжымдарымен бірге Сырдың биші қыздары түркі халықтарына ортақ Наурыз мерекесін атап өтуге арналған халықаралық шара аясында аталған елдің Анкара және Болу қалаларында болып, қазақ халқының би өнерін көрсетті. Қазақстандықтардың өнерін жоғары бағалаған Анкарадағы Қазақстан Консулы арнайы Алғыс хат табыс етті. Одан әрі АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында 28 наурыз күні, ал Вашингтон сахнасында 1 сәуір күні ұлттық өнерімізді талғампаз көрерменнің назарына ұсынды. Жергілікті өнерпаздардың айтуынша, шетелдіктер қазақтың ұлттық би өнерін жақсы қабылдап, ыстық ықыласын білдірген. «Томирис» би ансамблінің мүшесі Айзада Ахметова әсерімен бөлісті.
– Бізді америкалықтар ерекше қуанышпен қарсы алды. Әсіресе, ұлттық киімдерімізді киіп, «Әдемі-ай», «Дала қызы», «Балбырауын» секілді билерді билегенде барынша құрмет-қошемет көрсетті. Қазақ елінің салт-дәстүріне, соның ішінде би өнеріне қызыққандар сан алуан сұрақтар қойып жатты. Шет елдерде болып, ұлттық өнерімізді насихаттауға қолдау білдірген облыс әкімдігіне алғысымыз шексіз, – деді ол.
Сара АДАЙБАЕВА