СЫРБОЙЫЛЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ӘЛЕМДІ ӘН-БИІМЕН ҚУАНТЫП ЖҮР
Қызылорда облыстық филармониясының «Томирис» би ансамблі Түркия Республикасында болды. Олар Ұлыстың ұлы күнін тойлап жатқан түркі халықтары шарасының шырайын аша түсті.
Осылайша арадағы достық, ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсуді көздеген өнер ұжымы Түркия төрінде де көпшілік ықыласына бөленіп үлгерді. «Томиристің» сапары одан әрі АҚШ-та жалғаспақ. Шараның сіңлілері одан да қазақ өнерін паш етіп, ұлттық құндылығымызды бимен жеткізбек
Облыстық филармонияның тағы бір топ өнерпазы Ресей Федерациясының Орынбор қаласында өнер көрсетіп қайтты. Құрамында ұлт аспаптар ансамблі, белгілі әнші, жырау, бишілері бар ұжым көпшілікті «Азат елдің ақ таңы» атты концерттік бағдарламасымен қуантты.
Гастрольдік сапар Орал қаласында және бірнеше ауданда жалғасты. Концерт ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды.