ҚАЗАҚСТАНДА КӨШПЕЛІЛЕР ӨРКЕНИЕТІ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ «HISTORY» ТЕЛЕАРНАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Қазақстанда көшпелілер өркениеті тарихы туралы «History» телеарнасы іске қосылады, деп хабарлайды «Қазинформ» тілшісі «Z Industries LLP» компаниясының бас директоры Данияр Тебаевқа сілтеме жасай отырып.
Айта кетейік, бұл компания бүгінде аталған телеарнаны іске қосу жұмыстарымен айналысып жатыр.
Оның айтуынша, телеарнаны құру идеясы үш жыл бұрын туындады. «Біз электронды телеарнамен хабар тарату құқығына лицензия алдық. Өткен жылы осы бағытта видеопорталды құрып, биыл оны жаңғырттық. Енді екі жыл бойы контент жинайтын боламыз. Қазіргі кезде Интернет-телеарна ретінде хабар таратудамыз. 2017 жылы алты тілде сандық арна ретінде жұмыс істемекпіз»,-деп Д.Тебаев Астанада өткен «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының» бірқатар старт-ап жобаларын таныстыру кезінде мәлім етті.
«ҚазАқпарат» агенттігі тілшісіне берген сұхбатында компания басшысы бүгінде Интернет-канал жаңалықтарды, мұрағат құжаттарын салып жатқандығын атап өтті. Белгілі болғандай, телеарна болашақта барша түркі мемлекеттеріне хабар таратады.
«Бастапқыда жоба Қазақстанда жүзеге асырылады. Қазіргі кезде Түркия, Ресей, Әзербайжан тарапы бізді қолдап отыр. Алдағы уақытта түркі елдерінде тілшілер қосынын ашатын боламыз»,-деді ол.