ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫНЫҢ І ОРНЫН ЖЕРЛЕСІМІЗ ЖЕҢІП АЛДЫ
Алматы қаласындағы Ә.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында «Нұр Отан» партиясының қолдауымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған «Мың жасаған шаһар» халықаралық ақындар айтысы болып өтті, - деп хабарлады «Нұр Отан» партиясының ресми сайты.
Айтыстың мақсаты - Алатау баурайындағы әсем қала Алматының 1000 жылдық мерейтойын жырлау. Бұл атаулы оқиға ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілмек. Ұлыстың Ұлы күні өткен айтысқа Рүстем Қайыртай, Иранғайып Күзембаев, Аспанбек Шұғатаев, Нұрлан Мұсаев, Олжас Отар, Жансая Мусина, Мейірбек Сұлтанхан және басқа да еліміз бен Моңғолия, Қырғызстан сынды жақын шетел елдерінің айтыскер ақындары қатысып, бағын сынады.
Ақындар айтысының ашылу салтанатына «Нұр Отан» партиясы Төрағасы Бірінші орынбасарының Кеңесшісі Берік Уәли қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Ол жиналған қауымды төл мереке - Наурыз мейрамымен құттықтай келе, осынау мерейлі күн қарсаңында өткен ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауында «Нұр Отан» партиясының айқын жеңіске қол жеткізгені - Қазақстандықтардың халықтың бірлігі, елдің тұрақтылығы және халықтың жасампаздығы секілді мәңгілік құндылықтар үшін дауыс бергенінің нышаны екенін атап өтті.
Жүлделі бірінші орынды қызылордалық Мейірбек Сұлтанхан иемденді. Екінші орынға астаналық Иранғайып Күзембаев пен алматылық Бибігүл Тілебалдинова ие болды. Ал, үшінші орынды моңғолиялық Серік Қуанған, қырғызстандық Азамат Болганбаев, атыраулық Шалқарбай Ізбасаров бөлісті.
Айта кететіні, қазылар алқасы құрамында «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры Хангелді Әбжанов, ҚР халық артисі Есмұхан Обаев, жазушы, «Құрмет» орденінің иегері Смағұл Елубай, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ақан Абдуалиев бар.
Айтысты әдеттегідей еліміздің танымал ақыны, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері, халықаралық «Айтыс ақындар мен жыршы-термешілер» одағының басқарма төрағасы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткер Жүрсін Ерман жүргізді.