ТЕҢДЕССІЗ ТЕНОР БАЙҚОҢЫРДА КОНЦЕРТ БЕРДІ
Белгілі әнші, қазақстандық тенор, теңдесі жоқ «неоклассика» жанрының орындаушысы Ержан Нұрғалиев Байқоңыр қаласында концерт берді, - деп жазады «Қазақпарат».
«Жүрек үні» деген лирикалық атаумен өткен бір жарым сағаттық бағдарламада әлемге белгілі Андреа Бочелли, Френк Синатра, Муслим Магомаевтың хиттері мен қазақтың халық әндері шырқалды. Байқоңырлықтардың пікірінше, Ержан алып жүрген неоклассика жанры ғарыш тақырыбын айшықтап берді. Әсіресе, оның орындауындағы «Есть только миг» әні тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннің өмір жолынан сыр шертетін деректі бейнекадрлармен өрнектелгенде ерекше әсер қалдырды.
«Сенің теңдессіз талантың, өз ісіңе деген махаббатың мен адалдығың жұлдызыңды жарқырата түсті. Әлемдік хит құру туралы арманыңның орындалуына себепші болды. Өйткені сен жүрегіңнің үніне адалсың», - деді Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Анатолий Петренко құттықтау сөзінде.
Қазіргі күні Ержан Нұрғалиевтің есімі Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де танымал. Әнші Байқоңырдағы концертінен кейін еліміздің түкпір-түкпірін аралап шықпақ.