АЛМАТЫДА Б.ШҮКЕНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КОНЦЕРТ ӨТЕДІ
Алматыда белгілі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шүкеновты еске алуға арналған қайырымдылық концерт өтеді, - деп жазады «Қазақпарат».
Б.Шүкенов атындағы қоғамдық қордың ресми сайтында мәлім етілгеніндей, қайырымдылық концерт - бұл, өнерде дарынды музыкант, өмірде тамаша адам болған Батырханның рухына тағзым ету, артында қалдырып кеткен музыкалық мұраларымен қауышу болып табылады. Сондай-ақ, көрермендер концертте басқа да халық және классикалық әндерді тыңдайтын болады.
Айта кетелік, сахнада Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының көркемөнерпаздар ұжымдары мен солистері өнер көрсетеді.
Концерт 2 сәуірде консерваторияның үлкен концерттік залында өтеді. Басталуы сағат 19:00-де.
Барлық жиналған қаржы қоғамдық қордың шотына аударылады.