ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР «ӘЙГЕРІМ» ФИЛЬМІН ЖЫЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Кеше Қызылордадағы «Жібек жолы» кинотеатрында Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығы және «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Әйгерім» көркем фильмінің тұсаукесері өтті. Тұсаукесерде «Қоғамдық келісім» КММ-нің директоры Уәлихан Ибраев пен режиссер Еркін Рақышев сөз сөйледі.
Көркем фильм Қазақстан халқы Ассамблеясының тапсырысы бойынша 1 наурыз – «Елімізде тұратын басқа этнос өкілдерінің қазақ халқына алғыс айту күні» қарсаңында түсірілген. Онда зағип жандардың қоғамның тең мүшесі ретінде еңбек етуі, өмірден түңілмеуі және қайырымды жандардың қол ұшын беруге дайын болуы жақсы ашылған. Қоғамда жастар арасында кездесетін әлсіздерге, кемтар жандарға күш көрсету, зорлық жасау, үлкенді сыйламау сияқты келеңсіз құбылыстар және олармен күрес ашық көрсетілген.
Фильмде ұлттық мәдениетті насихаттауға лайықты көңіл бөлінген, қазақ халқының аспапты музыкасы, дәстүрлі әндері мен айтыс өнері қазіргі жастар ұнататын эстрадалық әуенмен астасып жатыр.
Жалпы, «Әйгерім» фильмінің тәрбиелік мазмұнын қызылордалықтар жылы қабылдап, жоғары бағалады.