ЖАСТАР ТЕАТРЫ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ЖҮЛДЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ
Қазақстан және КСРО халық әртісі Сәбира Майқанованың 100 жылдығына орай өткен Қазақстан драма театрларының ХХІІ республикалық фестивалінде Астанадағы Жастар театры Қызылорда қаласы әкімінің арнайы жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды BNews.kz театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігі Қызылорда облысының әкімдігімен бірге 10-14 қыркүйек күндері Сәбира Майқанованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХІІ республикалық фестивалін өткізді. Фестиваль аясында Астана қаласынан Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекттік академиялық қазақ музыкалық драма театры мен Жастар театры өнер көрсетті. Сондай-ақ көрермен басқа да жеті театрдың ойнауында У.Шекспир, Софокл, Ф.Буляков сияқты әлемдік драматургтермен қатар, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ш.Айтматов, Ж.Ерғалиев, Иран-Ғайып және О.Жанайдаров сияқты отандық авторлардың қойылымдарымен танысты», - дейді театрдың жарнама бөліміндегі қызметкерлер. Қызылорда қаласының арнайы сыйлығына ие болған театр ұжымы 1 млн теңге көлемінде сыйақы алғанын да айта кетейік.