ҚЫЗЫЛОРДАДА СУРЕТШІЛЕР КӨРМЕСІ МЕН ТЕАТРЛАНДЫРЫЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ
Кеше Қызылордада облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы мен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты суретшілер көрмесін, «Мәңгілік мәртебесі – Тәуелсіздік» атты театрландырылған облыстық байқауын ұйымдастырды.
Оған Қазақстанның мәдениет қайраткері, режиссер, ақын Оңталап Нұрмаханов бастаған қазылар алқасы төрелік жасады. Байқауда бас жүлдені А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйі, І орынды Шиелі аудандық мәдениет үйі, ІІ орынды Жаңақорған аудандық мәдениет үйі, ІІІ орынды М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледж алды.
Көрмеге қылқалам шеберлерінің туындылары қойылды. Атап айтқанда, Бақытбек Айтбаев, Йассауи Ағытаев, Мұратбек Үмбетов, Бейбіт Үмбетов, Ғалымжан Тілеубергенов, Жаңаберген Өсімбетов, Елбатыр Ізбасқанов, Гүлнара Рамазанова, Жарқынбек Қосбаев, Шахмұрат Сейтмұратовтардың картиналары мен суреттері көрермен назарына ұсынылды.