ҚЫЗЫЛОРДАҒА «ҰЛТТЫҚ МҰРА» АВТОЖАРЫСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ КЕЛДІ
Жексенбіде Қызылордаға «Мәдени мұра» мемлекеттiк бағдарламасының он жылдығына арналған «Ұлттық мұра» автожарыстың қатысушылары келдi. Оның құрамында - ҚР Ұлттық мұражайының қызметкерлерi бар.
Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының делегациясы қаладағы жоғарғы оқу орындарының ғалымдарымен, мәдениет қызметкерлерімен және студенттермен кездестi. Баспасөз-конференцияда автожарыстың мақсаты, археология және этнографияның дамуы туралы сөз болды. Жоспарланған, он күндiк автожарыс Алматыдан бастау алған.
Ұлттық мұражайдың бұл жобасы 3 жылға жоспарланған. Автожарыстың бiрiншi кезеңiн Оңтүстiк және Орталық Қазақстанның облыстық мұражайларынан басталады. Жарыстың келесi жылдарында Шығыс, Солтүстiк Қазақстан облыстары қамтылатын болады. Одан кейінгі бағыты Жезқазған, Қостанай және Көкшетау қалалары.