ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІНДЕГІ КЕШ АҚЫН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛДЫ
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына орай Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 169/5 түзеу мекемесінде «Ғасырда бір туатын дарабоз» атты әдеби сазды кеш өтті.
Әдеби кешті мекеме бастығы Т.Қалымбетов ашты. Ол мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру бағытындағы жүргізіліп жатқан жұмыстарға үздіксіз қатысып, көмек көрсетіп жүрген облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Л.Есімова, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы А.Абасиловты алғыс хатымен марапаттады.
Одан соң «Жалағаш аудандық пробация қызметінің аға инспекторы, әділет аға лейтенанты А.Сақыбеков, 169/5 түзеу мекемесінің мемлекеттік тіл маманы А.Әбдірашитова, Қызылорда қалалық пробация қызметінің инспекторы, әділет аға лейтенанты Ф.Сембаева, 169/4 түзеу мекемесінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының аға инспекторы, әділет аға лейтенанты А.Әбдәлі ақын өлеңдерін жатқа айтты. Мекеме қызметкерлері «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын сахналады.
Кешті облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Л.Есімова және филология ғылымдарының кандидаты, профессор А.Абасилов қорытындылап, М.Мақатаевтың шығармашылығына тоқталды. Ақын-жазушылардың шығармалары үздіксіз насихатталса, осындай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын тапса деген игі тілектерін білдірді.
Дана ДОСТАНОВА,
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің
мемлекеттік тілде іс жүргізушісі