БҮГІН ЮРМАЛАДА «ЖАҢА ТОЛҚЫН-2014» БАЙҚАУЫ АШЫЛАДЫ
Юрмала қаласында бүгін XIII Халықаралық жас әншілердің «Жаңа толқын-2014» байқауы басталады, деп хабарлады «ИТАР-ТАСС».
Биыл оған 13 елден 16 жас әнші қатысады. Байқау басталмай жатып, оның айналасында дау шықты. Жуырда Латвияның сыртқы істер министрі Эдгарс Ринкевич Ресейдің үш мәдениет қызметкерін - Олег Газманов, Иосиф Кобзон және көпшілікке Валерия ретінде танымал Алла Перфилованы қара тізімге енгізді. Оларға белгілі бір мерзімде Латвияға келуге тыйым салынды. Сол елдің СІМ бұл Украинадағы жағдайға байланысты деп түсіндірген.
Сыртқы істер министрі Рихардс Козловскис аталған әншілер елге келетін болса, олардың елді тастап шығуына бір тәулік берілетінін айтты.
Фестивальді ұйымдастырушылар әзірге бұған қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Фестиваль 27 шілдеде аяқталады.
«Қазақпарат»