ЭТНОС ОРТАЛЫҚТАРЫ ЕСЕПТІ КОНЦЕРТ БЕРДІ
Қызылорда қаласының А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Достықта шекара жоқ» атты фестиваль өтті, - деп жазады «Кызылординские вести» газеті.
«Славяне» қоғамдық-мәдени орталығының жетекшісі Галина Щербакованың айтуынша, ұжым әр жаңа жылда есепті концертін ұсынады. Қала қонақтары мен тұрғындарының назарына Қазақстанда тұратын этностардың әндері мен билерін қамтыған бағдарлама ұсынылды.
Ақтөбенің «Коляда» фольклорлық ансамблінің артистері, неміс мәдени орталығының би ұжымы, «Радуга» квартеті, «Сударушки» тобы, М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенттері, Любовь Щадыло, татар орталығының би тобы, «Веселушки» дуэті өз өнерлерімен көрерменді тәнті етті.
Кеш қонақтары әртүрлі саз аспаптарының сүйемелдеуімен жанды дауыстағы әндерді тыңдап, керемет әсермен тарқасты.