ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВ ТУРАЛЫ ФИЛЬМ ТҮСІРІЛЕДІ
Келесі жылы белгілі композитор Шәмші Қалдаяқов туралы кино түсірілетін болады. Бұл туралы «Хабар» арнасының 20 жылдығына арналған баспасөз мәжілісінде "Хабар" Агенттігі" АҚ басқарма төрағасы Айдос Ыдырысұлы айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Бізде Нұрғиса Тілендиев, Бауыржан Момышұлы туралы өмірбаяндық телехикая түсірілді. Бұл осымен тоқтап қалмайды, әрі қарай жалғасатын болады. Келер жылы атақты композитор Шәмші Қалдаяқов туралы биографиялық фильмі түсіру жоспарда тұр. Негізі біздегі сериалдарды түсіру 10-12 млн. теңге керек етеді. Ол шетелдік сериалдарға қарағанда өте қымбат. Алайда, біз отандық фильмдерді түсіруге, көрсетуге атсалысып келеміз. Бүгінге дейін «Хабар» арнасы 1500 серия фильм түсірген, ал биылғы жылы 10 телесериал көременге жол тартты. Соның ішінде 2 биопик және 8 сериал мемлекеттік тілде. Қазір салыстырмалы түрде айтқанда шетелдік сериалдардың саны азайды бізде. Оны азайту мақсатында қазр біраз жұмыстар жасалып жатыр», - деді А.Үкібаев.